Қазақстан Елшісі Эстония Президентіне сенім грамоталарын табыс етті

Қазақстан Елшісі Эстония Президентіне сенім грамоталарын табыс етті

Таллинн, 2024 жылғы 3 мамыр – Қазақстан Республикасының Эстония Республикасындағы Елшісі Алтай Көлгінов Эстония Президенті Алар Кариске сенім грамоталарын табыс етті.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Эстония арасындағы қарым-қатынастардың достық сипатын, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықты жан-жақты нығайтуға және екі елдің өзара іс-қимылын тереңдетуге бағытталған дәйекті бағытты сақтаудың маңыздылығы туралы хабардар етті.

Сондай-ақ екіжақты сауда-экономикалық өзара іс-қимылда, әсіресе цифрландыру, көлік және логистика салаларында тиімді ынтымақтастық үшін айтарлықтай әлеуеттің бар екендігі аталып өтті.

Кездесу соңында Эстония Президенті Қазақстан Елшісін ресми қызметке кірісуімен құттықтап, Қазақстан-Эстония қарым-қатынастарын одан әрі нығайтуда зор табыстар тіледі.