Азиялық бағыттағы көпжақты ынтымақтастық мәселелері бойынша Қазақстан мен Ресей арасындағы сімаралық консультациялар туралы

Азиялық бағыттағы көпжақты ынтымақтастық мәселелері бойынша Қазақстан мен Ресей арасындағы сімаралық консультациялар туралы

Мәскеу, 2024 жылғы 16 сәуір – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев пен Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрінің орынбасары Андрей Руденконың қатысуымен Азиялық бағыттағы көпжақты ынтымақтастық мәселелері бойынша консультациялар өтті.

Іс-шара шеңберінде Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі, сондай-ақ басқа да өңірлік ұйымдар аясындағы ынтымақтастық мәселелері егжей-тегжейлі талқыланды.

Делегация басшылары өңірлік тұрақтылықты қамтамасыз етуде, сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуда және мәдени байланыстарды нығайтуда екі елдің дәстүрлі сындарлы өзара іс-қимыл бойынша мәселелер аталып өтті.

Тараптар аса жоғары және жоғары деңгейдегі кезекті екіжақты кездесулердің кестесі бойынша пікір алмасты.