Алматыда В5 + 1 бірінші форумы өтті

Алматыда В5 + 1 бірінші форумы өтті

Алматы, 2024 жылғы 15 наурыз - 13 наурыз бен 15 наурыз аралығында Алматы қаласында Орталық Азия елдерінің бизнес-қоғамдастығы мен мемлекеттік құрылымдарының өкілдерінің қатысуымен «Мемлекеттік-жекешелік диалог арқылы Орталық Азияның өңірлік экономикалық интеграциясын нығайту» атты бірінші B5+1 форумы өтті.

Форумды Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі АҚШ-тың Халықаралық жеке кәсіпкерлік орталығының (CIPE) көмегімен 2023 жылы Нью-Йорк қ. С5+1 Саммитінде қол жеткізілген Орталық Азия және АҚШ мемлекеттері басшыларының уағдаластықтарын іске асыру үшін ұйымдастырды.

В5+1 форумының мақсаты өңірдің экономикалық қоғамдастығын дамыту үшін Орталық Азиядағы саудаға, инвестицияларға және сауда интеграциясына жәрдемдесу болды.

Панельдік пікірталастарға қатысушылар – бизнес-қоғамдастықтардың, мемлекеттік органдардың және сараптамалық қоғамдастықтың өкілдері –  Орталық Азия экономикаларының өзара байланысын нығайту үшін өңірлік жетістіктерді, қолданыстағы даму бағдарламаларын және әріптестіктің әлеуетті бағыттарын талқылады.

Америкалық компаниялардың өкілдері Орталық Азияға экономиканың басым секторларына инвестиция салу туралы өз көзқарастарымен бөлісті.

Екі күндік іс-шара аймақтың бизнес-қауымдастығына Орталық Азия үшін инклюзивті және интеграцияланған экономикалық болашақ туралы өз көзқарасын ұсынуға мүмкіндік берді және үкіметтерге C5+1 экономикалық мақсаттарына жету үшін жеке сектордың жалпы аймақтық пікірін алуға мүмкіндік берді.

Анықтама: B5 + 1 бастамасы 2023 жылғы қыркүйекте С5+1 саммиті барысында қабылданған және Нью-Йорк декларациясында баяндалған уағдаластықтармен тығыз байланысты .

B5 + 1 форумы «Орталық Азиядағы іскерлік ортаны жақсарту» (IBECA) CIPE бағдарламасының бөлігі болып табылады. CIPE АҚШ Сауда Палатасымен байланысты ұйым болып табылады және қаржыландыруды АҚШ Мемлекеттік департаментінен алады.