Варшавада Наурыз мерекесі атап өтілді

Варшавада Наурыз мерекесі атап өтілді

Варшава, 2024 жылғы 20 наурыз – Қазақстанның Польшадағы Елшілігі 300-ге жуық қазақстандық студенттер білім алатын Вистула қаржы және бизнес академиясымен бірлесіп Наурыз мейрамына орай іс-шара өткізді. 

Қазақстандық студенттермен қатар Наурыз мерекесіне Орталық Азия мен Түркия елдерінің студенттері мен диаспора өкілдері қатысты.

Қазақстан Елшісі Әлім Кирабаев Жаңа жылдың басталуын және табиғатта болып жатқан ұлы жандануды және оның қазақ мәдениетіндегі маңыздылығын, бірлік пен бейбітшіліктің символы ретінде атап өтетін Түркі халықтары үшін Наурызды тойлаудың маңыздылығын атап өтті.

Іс-шараға қатысушылар Наурыз мерекесінің жаңа форматымен және қазақстандық мәдениет пен қоғамның байлығы мен алуан түрлілігін көрсететін құндылықтарға арналған «Наурызнаманың онкүндігі» философиясымен танысты.

Вистула академиясының ректоры В. Конарский Наурыз мерекесінің бірегейлігін атап, Қазақстанмен және Орталық Азияның басқа да елдерімен білім беру және мәдени байланыстарды дамытуға қызығушылық білдірді.

Іс-шара Орталық Азия өкілдерінің концерттік қойылымдарымен сүйемелденді, соның ішінде қонақтар қазақстандық студенттердің орындауындағы ұлттық аспап – домбыраның дыбысын тамашалады.  

Мерекелік атмосфера интерактивті ойындармен, байқаулармен және сыйлықтармен өткізілді.

Мереке қорытындысы бойынша қонақтар қазақтың ұлттық тағамдарынан, соның ішінде негізгі тағам – Наурыз-көжеден дәм тата алды.