Белостокта инвестициялық және өңірлік ынтымақтастықтың болашағы талқыланды

Белостокта инвестициялық және өңірлік ынтымақтастықтың болашағы талқыланды

Варшава, 2024 жылғы 11-12 наурыз – Қазақстан мен Польша арасындағы өңірлік ынтымақтастықты дамыту мақсатында Қазақстан Елшісі Әлім Кирабаевтың Подляска воеводствосына сапары өтті.   

Белосток қаласының Сауда-өнеркәсіп палатасы мен Қазақстанның Құрметті консулы А.Прокопюк ұйымдастырған бизнес-конференция барысында Қазақстанның инвестициялық әлеуеті, бірлескен жобаларды іске асыру перспективалары таныстырылды, сондай-ақ Подляска воеводствосы мен Қызылорда облысы арасындағы өңірлік ынтымақтастық жөнінде ұсыныстар көрсетілді.

Атап айтқанда, Польша тарапына екі ел арасындағы екіжақты сауда-экономикалық қарым-қатынастардың ағымдағы деңгейі, елімізде жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық реформалар, сондай-ақ Қазақстан Үкіметі инвестициялық ахуалды жақсарту және шетелдік инвесторларды қолдау бойынша қабылдап жатқан шаралар туралы ақпарат берілді.

Қазақстанның құрметті консулы А.Прокопюк екі ел арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастардың әлеуетін жоғары бағалап, поляк бизнесін қазақстандық бизнеспен белсенді ынтымақтастыққа шақырды.

Кездесу қорытындысы бойынша қазақстандық дипломаттар бизнес өкілдерін 2024 жылғы 13-14 маусымда өтетін Астана халықаралық форумына, сондай-ақ өзге де экономикалық іс-шараларға қатысуға шақырды.