Варшавада Қазақстан мен Польша арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық талқыланды

Варшавада Қазақстан мен Польша арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық талқыланды

Варшава, 2024 жылғы 12 наурыз – Қазақстанның Польшадағы Елшісі Әлім Қирабаевтың Польша Республикасының Ұлттық білім Вице-министрі Иоанна Мухамен кездесуі өтті.

Кездесу барысында Қазақстан мен Польша ынтымақтастығының жай-күйі мен перспективалары, соның ішінде мектептегі білім беру және мектепке дейінгі білім беру саласында мәселелер талқыланды.

Сұхбаттасушыға елімізде жүргізіліп жатқан ағымдағы әлеуметтік-экономикалық реформалар және мемлекеттік қолдау шеңберінде білім беру сапасын арттыруға және мұғалімдердің әлеуметтік жағдайларын жақсартуға бағытталған шаралар туралы ақпарат берілді.

Өз тарапынан Ұлттық білім Вице-министрі Польшаның Қазақстанды Орталық Азиядағы өзінің негізгі әріптесі ретінде қарастыратынын және елімізбен өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті екенін атап өтті.

Тараптар білім беру саласындағы екіжақты үкіметаралық келісім шеңберінде ынтымақтастықты ұлғайтуға, сондай-ақ Қазақстан мен Польшаның бейінді министрліктері арасындағы ынтымақтастықтың өзара тиімді ұсыныстарын әзірлеуге уағдаласты.