Венада қаланы азат еткен кеңес жауынгерлерін еске алды

Венада қаланы азат еткен кеңес жауынгерлерін еске алды

Вена, 2024 жылғы 12 сәуір – Вена қаласын фашизмнен азат етудің 79-шы жылдығына орай Шварценбергплац орталық алаңында орналасқан кеңес жауынгерлеріне арналған мемориалға гүл шоқтары қойылды. Бұл шараға Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан елшіліктері қатысты.

Кеңес әскерлеріне арналған ескерткіш 1945 жылы салынған. Бұл мүсіндік құрылыс нацизмнен босату символын бейнелейді. Аустрия астанасы үшін шайқаста 14 мыңға жуық кеңес жауынгерлері мен офицерлері қаза болды, оның ішінде мыңдағаны - қазақстандық жауынгерлер.

Қазақстанда сол күндердегі ерлік пен қайғылы оқиғаларды біледі және ұмытқан емес. Өз өмірлерін құрбандыққа шалып, Аустрия халқына бейбітшілік және тәуелсіздік әкеліп, Еуропаны фашистік әскерлерден босатқан кеңес жауынгерлерін Аустрияда еске алып, құрметпен қарайтыны, өте маңызды.