Қазақстанның Елшісі ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьерімен кездесті

Қазақстанның Елшісі ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьерімен кездесті

Бейжің қ., 2023 ж. 28 қыркүйек – ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Цян ҚХР-дың Құрылған күніне орай Халық жиналыстары үйінде дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің жаңадан тағайындалған басшыларымен ұжымдық кездесу өткізді.

Қытай Халық Республикасы 1949 ж. 1 қазанда құрылды.

Іс-шара аясында Қазақстанның Қытайдағы Елшісі Шахрат Нұрышев ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Цянмен қысқаша сұхбаттасып, оны ҚХР құрылуының 74 жылдығымен құттықтады.

Тараптар Қазақстан-Қытай ынтымақтастығының ағымдағы жағдайы мен перспективаларын, сондай-ақ алдағы биік және жоғары деңгейдегі іс-шаралар кестесін талқылады.

Мемлекеттік кеңестің премьері Қазақстан мен Қытайдың арасындағы мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестіктің қазіргі деңгейіне жоғары баға берді. Ол Қазақстан Қытаймен түрлі салаларда, соның ішінде «Бір белдеу, бір жол» бастамасы шеңберінде өзара тиімді ынтымақтастықты дамытып жатқан Орталық Азиядағы басты мемлекет екенін атап өтті.