Токиода Қазақстан мен Жапоня арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері талқыланды

Токиода Қазақстан мен Жапоня арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері талқыланды

Токио, 2024 жылғы 26 ақпан Қазақстанның Жапониядағы Елшісі Сабыр Есімбеков Жапонияның Сыртқы сауданы дамыту ұйымының (JETRO) Төрағасы Норихико Ишигуромен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан Республикасы мен Жапония арасындағы тауар айналымының 2023 жылдың қорытындысы бойынша 10,5%-ға өсіп, 2,1 млрд. АҚШ долларына жеткен оң динамикасын атап өтті.

Елші С.Есімбеков Жапониямен экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға қызығушылық таныта отырып, Н.Ишигуроны сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту мүмкіндіктерімен таныстырды.

Н.Ишигуро JETRO-ның Қазақстанды қоса алғандағы қызметі мен келешек перспективалары туралы хабардар етіп, өзара ықпалдастықтың перспективалық бағыттарын кеңейту үшін күш-жігерін жұмсайтынын мәлімдеді.

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар сауда-экономикалық  қарым-қатынастарын нығайтуы мақсатында тығыз қарым-қатынастарды жалғастыруға келісті.