Қазақстан мен Жапония жасыл энергетика саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Қазақстан мен Жапония жасыл энергетика саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Токио, 2024 жылғы 22 ақпан – Қазақстанның Жапониядағы Елшісі Сабыр Есімбеков Жапонияның Халықаралық ынтымақтастық банкінің (JBIC) Атқарушы директоры Тацуши Аманомен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар жасыл энергетика саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.

Елші С.Есімбеков сұхбаттасушыны JBIC-тің қолғабысымен жүзеге асырылуы мүмкін декарбонизация және жасыл энергетика салаларындағы әлеуетті жобалармен таныстырды.

Өз кезегінде, Т.Амано JBIC-тың жасыл энергетика саласындағы жобаларды қаржыландыруға бағытталған шаралары туралы хабардар етіп, Қазақстанмен тәжірибелік ынтымақтастықты және нақты жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытты.

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар өзара тиімді ықпалдастықты нығайту мақсатында тығыз қарым-қатынастарды жалғастыруға келісті.