Қазақстан мен Жапония екіжақты экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуды көздеп отыр

Қазақстан мен Жапония екіжақты экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуды көздеп отыр

29 қаңтарда Елші С.Есімбеков Жапонияның Экономика, сауда және индустрия вице-министрі Р.Кодзукимен кездесті. Кездесу барысында екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективалары талқыланды. Сонымен қатар тараптар биыл өткізілуі жоспарланған «Орталық Азия + Жапония» диалогы елдерінің алғашқы саммитінің күн тәртібіндегі экономикалық және сауда-инвестициялық ынтымақтастықты нығайту бойынша пікір алмасты.