Қазақстан Елшісі Таиландтағы мұнай және энергетика конгломератымен ынтымақтастық перспективаларын талқылады

Қазақстан Елшісі Таиландтағы мұнай және энергетика конгломератымен ынтымақтастық перспективаларын талқылады

Бангкок, 2024 жылғы 17 сәуір – Қазақстанның Таиландтағы Елшісі Арман Исетов «Bangchak Corporation» Тай энергетикалық компаниясының Басқарма Төрағасы Пичай Чунхаваджирамен кездесті, онда тараптар мұнай-газ саласындағы ынтымақтастықтың перспективаларын, сондай-ақ Қазақстандағы энергетика және минералдық ресурстарды өндіру саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін талқылады.

Қазақстандық дипломат Тай компаниясын Қазақстанның мұнай-газ саласындағы жетістіктері туралы егжей-тегжейлі хабардар етті және инвестициялық ахуалды жақсарту үшін Қазақстан Үкіметінің қабылданып жатқан шараларына, шетелдік инвесторлар үшін жағдайларға, сондай-ақ инвестициялық қолдау құралдары туралы атап өтті.

Кездесу соңында тараптар мұнайды өндіру және өңдеу саласында одан әрі ынтымақтастық пен тәжірибе алмасуға дайын екендіктерін білдірді, сондай-ақ екі елдің энергетика саласындағы делегациялармен алмасу мүмкіндігін талқылады.

Анықтама үшін: «Bangchak Corporation Public Company Limited» компаниясы өндірістік қуаттылығы күніне 300 000 баррельге жуық әлемдік деңгейдегі екі күрделі мұнай өңдеу зауыты жұмыс істейтін өндірістік қуаттылығы бар Таиландтың мұнай өңдеу өнеркәсібіндегі көшбасшысы болып табылады.