Қазақстанның Елшісі Кипрдің Тель-Авивтегі Елшілігіне барды

Қазақстанның Елшісі Кипрдің Тель-Авивтегі Елшілігіне барды

Тель-Авив, 2024 жылғы 25 сәуір – Қазақстанның Израильдегі Елшісі Дәулет Ембердиев Кипрдің Израильдегі Елшісі Корнелиус Корнелиумен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар 2024 жылғы 24-26 наурызда Кипр Сыртқы істер министрі К.Комбостың Астанаға ресми сапарының қорытындылары аясындағы Қазақстан-Кипр ынтымақтастығының өзекті мәселелерін талқылады.

К. Корнелиус Қазақстан дипломатын Израильдегі Елші лауазымына тағайындалуымен құттықтап, оған жауапты жұмысында табыс тіледі.