Қазақстан Елшісі Өзбекстанның Израильдегі Елшілігіне барды

Қазақстан Елшісі Өзбекстанның Израильдегі Елшілігіне барды

Тель-Авив, 2024 жылғы 22 сәуір – Қазақстанның Израильдегі Елшісі Дәулет Ембердиев Өзбекстанның Тель-Авивтегі Елшілігіне ізеттілік сапармен барды.

Өзбекстан Елшісі Жахонгир Аминовпен достық әңгіме аясында дипломаттар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тату көршілік қатынастарды талқылады, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықты дамыту жөнінде пікір алмасты.