Елшінің «Израиль-Қазақстан» сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасымен кездесуі туралы

Елшінің «Израиль-Қазақстан» сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасымен кездесуі туралы

Тель-Авив, 2024 жылғы 22 сәуір – Қазақстанның Израильдегі Елшісі Дәулет Ембердиев «Израиль-Қазақстан» сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Михаэль Роэні қабылдады.

Кездесу барысында суару тиімділігін арттыру, суды үнемдеу, сондай-ақ ауыл шаруашылығында жаңа тәсілдерді қолдану, тамшылатып суарудың заманауи технологияларын енгізу және аграрлық ғылымды дамыту мәселелері жан-жақты талқыланды.

Келіссөздердің қорытындысы бойынша тараптар мүдделі жобаларды зерделеуде, сондай-ақ осы бағыттар бойынша тәжірибе алмасуда уағдаластыққа қол жеткізді.