Қазақстан Елшісі Иерусалим Патриархының жоғары орденімен марапатталды

Қазақстан Елшісі Иерусалим Патриархының жоғары орденімен марапатталды

Тель-Авив, 2024 жылғы 29 наурыз – Иерусалим Патриархы Феофил III, Қазақстан Республикасының Израиль және Кипрдегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Сатыбалды Бұршақовтың дипломатиялық миссиясы аяқталуына байланысты оған конфессияаралық диалогты нығайту мен дамытуға сіңірген зор қызметі үшін «Тәжі, гүл шоғы және жұлдызы бар алтын крест» («Golden Cross with Crown, Wreth and Star») Ұлы Қолбасшы орденін тақты.

Марапаттау рәсімінде Патриарх Қазақ дипломатына осындай мәртебелі марапаттың берілуі Қазақстанның жаһандық бастамаларды, оның ішінде Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Съезін ілгерілетудегі рөліне берілген жоғары баға және беделін тану болып табылатынын атап өтті.

Сонымен қатар, Елші С.Бұршақов Бас Сефард раввині Ицхак Йосеф пен Бас Ашкенази раввині Давид Лаумен қоштасу кездесулерін өткізді.

Діни көшбасшылар Елшіге бейбітшілік пен тұрақтылықты дамыту жолындағы белсенді жұмысы үшін алғыс білдіріп, Қазақстан халқына және Президентіне ізгі тілектерін жеткізді.