Азаматтардың өзара сапарларының шарттары туралы

Азаматтардың өзара сапарларының шарттары туралы

📌Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

🔸Қазақстанның Өзбекстандағы Елшілігі 2024 жылғы 6 сәуірде ҚР Президенті Қ.Қ. Тоқаев «2000 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Азаматтардың өзара сапарларының шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойғаны туралы хабарлайды.

Көрсетілген Хаттамаға сәйкес Қазақстан азаматтары тұрақты тұрғылықты жеріне қарамастан, егер олардың болу кезеңі Өзбекстан мемлекетінің Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен сәттен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннен аспаса, Өзбекстан аумағы бойынша 180 (жүз сексен) күнтізбелік кезең ішінде жиынтық 90 (тоқсан) күнтізбелік күннен аспаса, Өзбекстан аумағына келуге, кетуге, транзитпен жүріп-тұруға олардың жеке басын куәландыратын және азаматтығын растайтын құжаттар негізінде уақытша тұруға (уақытша тіркелуге) рұқсат ресімделмеген күндер – ҚР азаматының ұлттық паспорты немесе Қазақстан Республикасына оралуға арналған куәлік (паспорттың қолданылу мерзімі жоғалған, мерзімі өткен немесе оның беттері аяқталған жағдайда ғана Қазақстан Республикасына оралу үшін).

Қазақстан азаматы Өзбекстан аумағында 30 (отыз) күнтізбелік күннен артық болған жағдайда, аталған азамат ұлттық заңнамаға сәйкес Өзбекстанның құзыретті органдарында (тұрғылықты жері бойынша паспорт үстелі) уақытша тұруға (уақытша тіркеуге тұруға) рұқсат алуға міндетті.