Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Хиуаға жұмыс сапарымен келді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Хиуаға жұмыс сапарымен келді

5 сәуірде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеевтің шақыруымен Хиуа қаласына (Өзбекстан) жұмыс сапарымен келді. Әуежайда Мемлекет Басшысын Президент Шавкат Мирзиеев қарсы алды.

Сапар барысында екі ел басшыларының бейресми кездесуі өтті, онда қазақ-өзбек стратегиялық әріптестігі мен одақтастығын одан әрі нығайту мәселелері талқыланды, өңірлік күн тәртібі және халықаралық құрылымдардағы өзара іс-қимыл мәселелері қаралды.

Сондай-ақ, HIVA GILAMLARI кілем тоқу фабрикасына, Өзбекстанның өнеркәсіптік тауарлар көрмесіне және Хиуаның мәдени нысандарына барды.
Толығырақ: (https://t.me/aqorda_resmi/16068)