Қазақстан Республикасының Елшісі Бейбіт Атамқұлов пен Өзбекстан Республикасының Спорт министрі Адхам Икрамов арасында кездесу

Қазақстан Республикасының Елшісі Бейбіт Атамқұлов пен Өзбекстан Республикасының Спорт министрі Адхам Икрамов арасында кездесу

Ташкент, 2024 жылғы 28 наурыз – Қазақстанның Өзбекстандағы Елшісі Бейбіт Атамқұловтың Өзбекстанның спорт министрі Адхам Икрамовпен кездесуі өтті.

Талқылаудың негізгі тақырыбы бұқаралық спортты дамыту және кәсіби спорт үшін базаны дайындау болды.

Министр Қазақстан Елшісін дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамыту үшін қабылданған шаралар туралы ақпаратпен таныстырды, сондай-ақ Өзбекстандағы ауданнан республикалық ауқымға дейінгі спортшылар мен жаттықтырушылар үшін жасалған мүмкіндіктер туралы хабардар етті.

Өзбек делегациясының 2024 жылғы 8-14 қыркүйек аралығында Астана қаласында өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына және 2024 жылғы 9 қыркүйекте Астана қаласында өтетін Түркі мемлекеттері ұйымына қатысушы елдердің спорт және мәдениет министрлерінің VIII отырысына қатысуы талқыланды.

Тараптар ортақ тарихи және мәдени байланысы бар ұлттық спорт түрлерін дәріптеу қажеттігін атап өтті.