Грузияның Эстониядағы Елшісімен кездесу туралы

Грузияның Эстониядағы Елшісімен кездесу туралы

Таллинн, 2024 жылғы 13 наурыз – Қазақстанның Эстониядағы Елшісі Нұрлан Сейтімов Грузияның Эстониядағы жаңадан тағайындалған Елшісі Зураб Хамашуридземен кездесті. Грузин дипломатының ізеттілік жүздесуі барысында тараптар екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері бойынша пікір алмасты. Әңгіме соңында Н.Сейтімов З.Хамашуридзеге Эстония Республикасындағы дипломатиялық қызметінің басталуымен құттықтап, қызметіне табыс тіледі.