2024 жылғы «Цифрлық басқару және электрондық үкіметті дамыту» атты бағдарламасына хабарландыру

2024 жылғы «Цифрлық басқару және электрондық үкіметті дамыту» атты бағдарламасына хабарландыру

Елшілік Орталық Азияның мемлекеттік қызметшілері үшін «Цифрлық басқару және электрондық үкіметті дамыту» бағдарламасының іске қосылғаны туралы хабарлайды. Бастаманы «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі Сингапур Республикасының Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп іске асырады. Бағдарлама ағылшын тілінде жүргізіліп, қатысушыларға Қазақстан мен Сингапур тәжірибесіндегі мемлекеттік басқаруды оңтайландыру мақсатында технологияларды пайдалануды зерделеуге, үкіметті, экономика мен қоғамды цифрландырудағы мүмкіндіктер мен сын-қатерлерді талқылауға, сондай-ақ цифрлық трансформацияны қолдау үшін мемлекеттік қызметтердің әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.

Толығырақ біздің ақпараттық брошюрадан біле аласыздар.