Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының делегациясы ресми сапарымен Шанхай қаласында болды

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының делегациясы ресми сапарымен Шанхай қаласында болды

Шанхай, 2024 жылғы 18-19 сәуір – ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасы А.Мерғалиев бастаған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының делегациясы ресми сапарымен Шанхай қаласында болды.

Аталған сапар барысында ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасы А.Мерғалиев Шанхай қаласы Жоғарғы Халық сотының төрағасы Цзя Юймен кездесті. Сонымен қатар, қазақстандық делегация Сюхуэй ауданының (Шанхай қ.) Халық сотына және Шанхай қаласының екінші аралық сатыдағы Халық сотына барды.