Цзянси провинциясы Халық үкіметінің Cыртқы істер кеңсесінің басшылығымен екіжақты өзара іс-қимыл перспективалары талқыланды

Цзянси провинциясы Халық үкіметінің Cыртқы істер кеңсесінің басшылығымен екіжақты өзара іс-қимыл перспективалары талқыланды

Шанхай, 2024 жылғы 10 сәуір – Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулы Рахымжан Рахимов Цзянси провинциясы Халық үкіметі Сыртқы істер кеңсесі Басшысының орынбасары Ли Юйцянмен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар Қазақстанның мүдделі өңірлері мен Цзянси провинциясы арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-білім беру және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылды одан әрі дамыту перспективаларын талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстанның Шанхай қаласындағы Бас консулдығы мен Цзянси провинциясы Халық үкіметінің Сыртқы істер кеңсесі арасындағы байланыстарды жандандыруға келісті.