Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулы Нанкин қ. Халық үкіметі Сыртқы істер кеңсесінің басшылығымен онлайн кездесу өткізді

Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулы Нанкин қ. Халық үкіметі Сыртқы істер кеңсесінің басшылығымен онлайн кездесу өткізді

Шанхай, 2024 жылғы 10 сәуір – Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулы Рахымжан Рахимов Нанкин қаласының (Цзянсу провинциясы) Халық үкіметі Сыртқы істер кеңсесі Басшысының орынбасары Сунь Манмен онлайн кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар Қазақстанның мүдделі өңірлері мен Нанкин қаласы (Цзянсу провинциясы) арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстанның Шанхай қ. Бас консулдығы мен Нанкин қаласының (Цзянсу провинциясы) Халық үкіметінің Сыртқы істер кеңсесі арасындағы байланыстарды жандандыруға келісті.