Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулы «Sovico Group» компаниясының басшылығымен кездесу өткізді

Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулы «Sovico Group»  компаниясының басшылығымен кездесу өткізді

Шанхай, 2024 жылғы 10 сәуір – Қазақстанның Шанхай қ. Бас консулы Рахымжан Рахимов «Sovico Group» корпорациясының Басқарма төрағасы, «VietJet Air» авиакомпаниясының Басқарма төрағасының орынбасары Нгуен Тхан Хунгпен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.

«Sovico Group» компаниясы энергетика, авиация, қаржы және жылжымайтын мүлік салаларында маманданған вьетнамдық ірі компаниялардың бірі болып табылады.