Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулы «Ant Group» корпорациясының басшылығымен кездесу өткізді

Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулы «Ant Group» корпорациясының басшылығымен кездесу өткізді

Шанхай, 2024 жылғы 3 сәуір – Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулы Рахымжан Рахимов «Ant Group» корпорациясының (Шанхай кеңсесі) Қоғамдық саясат және үкіметтік қатынастар департаментінің директоры Чжан Иньфанмен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын талқылады. 

«Ant Group» корпорациясы құрамына «Alipay» (кешенді қаржылық және цифрлық қызметтерді ұсынатын ірі әлемдік төлем жүйелері мен цифрлық платформалардың бірі), «MyBank», «Zhima Credit» және т. б. сияқты кәсіпорындар кіретін қытайлық ірі финтех компанияларының бірі болып табылады.