Шанхайда білім беру саласындағы екіжақты ынтымақтастығын дамыту перспективалары талқыланды

Шанхайда білім беру саласындағы екіжақты ынтымақтастығын дамыту перспективалары талқыланды

Шанхай, 2024 жылғы 26 наурыз – Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулы Рахымжан Рахимов Шанхай қаласы Халық үкіметі Білім комитеті төрағасының орынбасары Е Линьлиньмен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар Қазақстанның мүдделі өңірлері мен Шанхай қаласы арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту, сондай-ақ 2024 жылы бірлескен ғылыми-білім беру іс-шараларын өткізу перспективаларын талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан Республикасының Шанхай қ. Бас консулдығы мен Шанхай қ. Халық үкіметінің Білім комитеті арасындағы байланыстарды жандандыруға келісті.