Қазақстан Елшісі Корея Сыртқы істер министрінің орынбасарымен алдағы іс-шаралар кестесін талқылады

Қазақстан Елшісі Корея Сыртқы істер министрінің орынбасарымен алдағы іс-шаралар кестесін талқылады

Сеул, 2024 жылғы 25 сәуір – Қазақстан Елшісі Нұрғали Арыстанов Корея Сыртқы істер министрінің протоколдық мәселелері жөніндегі орынбасары Ким Тхэ Чжинмен кездесу өткізді.

Жүздесу барысында тараптар Қазақстан-Корея ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады. Әңгіме барысында әр түрлі деңгейдегі ресми сапарларды қоса алғанда, алдағы екіжақты іс-шаралар кестесіне ерекше назар аударылды.

Тараптар делегациялардың қарқынды алмасуын және екі ел арасындағы, оның ішінде сауда, инвестициялар, ғылым, технологиялар, сондай-ақ азаматтар арасындағы тікелей байланыстар саласындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестіктің қарқынды дамуын қанағаттанушылықпен атап өтті.

Мәселен, қазақстандық дипломат мәдени-гуманитарлық байланыстардың нығаюына назар аударып, нәтижесінде өткен жылы Қазақстанға келген корей туристерінің санының екі есе артып, сондай-ақ Қазақстан мен Корея арасындағы тікелей рейстер санының көбеюі күтілуде екендігін мәлімдеді. Өз кезегінде Ким Тхэ Чжин корей тарапының кең ауқымды мәселелер бойынша белсенді өзара іс-қимылға дайындығын білдірді.

Келіссөздер қорытындысы бойынша әңгімелесушілер тұрақты диалогты жалғастыруға келісті.