Qazalem.kz веб-платформасында SOS түймесі туралы

Qazalem.kz веб-платформасында SOS түймесі туралы

Құрметті отандастар!

Qazalem.kz веб-платформасында шетелде төтенше жағдайға тап болған Қазақстан азаматтарына жедел көмек беру үшін SOS түймесі бар.

Егер төтенше жағдайға тап болып, шұғыл көмек қажет болса, сайттағы сауалнаманы толтыруға болады. Өздеріңіз тұрған елдегі қазақстандық консулдық жедел байланысқа шығады.

Оқыс жағдайға тап болсаңыздар, әрине, бірінші кезекте жергілікті полицияға хабарласу қажет.