«Жазғы этнолагерь - 2024» жолдамасын ұтып алуға болатын «Балбырауын» күй байқауы туралы

«Жазғы этнолагерь - 2024» жолдамасын ұтып алуға болатын «Балбырауын» күй байқауы туралы

Байқау шарттары:

- Байқауға шетелде тұратын 12-17 жас аралығындағы этникалық қазақтардың балалары қатыса алады;

- Байқау қатысушылары қазақ сазгерлерінің кез келген күйлерін орындай алады;

- Бейне 1 минуттан кем емес және 5 минуттан аспауы керек;

- Дыбыс пен кескін жоғары сапалы болуы керек;

- Орындаушының киімі ұлттық нақышта болуы тиіс;

 - Бейнемен бірге Oqbaiqau@gmail.com электрондық поштасына 2024 жылдың 15 сәуіріне дейін қатысушының деректерін (аты-жөні, жасы, байланыс нөмірі және тұратын елі) жіберу қажет.

Үздік 5 қатысушы 2024 жылғы «Жас Қазақ» жазғы этнолагеріне ТЕГІН ЖОЛДАМА алады.

ЕСКЕРТПЕ: 2019, 2022, 2023 жылдары «Жас қазақ» жазғы лагерьлеріне қатысқан қатысушылар мен Қазақстан азаматтарына қатысуға рұқсат етілмейді.

«Жас қазақ» жазғы лагерінің қатысушылары лагерьге және кері қайту жол ақысын өздері төлейді.

Барлық сұрақтар бойынша: +7 747 178 39 38