Ар-Риядта Al-Farabi Innovation Hub инновациялық хабы ашылды

Ар-Риядта Al-Farabi Innovation Hub инновациялық хабы ашылды

Ар-Риядта Сауд Арабиясымен бірлескен инновациялық хабтың ашылуы әлемдік нарықтарда өңірлік IТ-шешімдерді және стартаптарды халықаралық деңгейде ілгерілетуді қолдауға сеп болады.

Жаңа инновациялық хабы өз заманының көрнекті философы және ғалымы болған, болашақ ұрпаққа күні бүгінге дейін шабыт сыйлайтын Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед әл-Фарабидің есімімен аталады. Хабтың тұжырымдамасы Қазақстаннан Сауд Арабиясына дарынды кәсіпкерлер мен инновациялық стартаптарды тарту және «Tumar» венчурлік қорынан бастапқы инвестицияларды, инкубация және акселерация бағдарламаларын, құнды салалық білім мен желілік өзара іс-қимыл үшін мүмкіндіктерді ұсыну арқылы олардың осы өңірге көшуін және дамуын қолдауға негізделеді.

«Қазақстанның стартаптар әзірлеуде айтарлықтай тәжірибесі бар екенін атап өткім келеді. Мысалы, біз бес жыл бұрын Азия аймағындағы жетекші технопарктердің біріне айналған «Astana Hub» жұмысын бастадық. Google, DraperUniversity, StartX, Microsoft және Дүниежүзілік банк сияқты жаһандық серіктестерді тартып, ең озық шешімдерге жол аштық. Хабтың ашылуы Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы байланыстарды нығайтуға және экономикалық дамуға сапалы үлес қосады деп сенемін»,- деп атап өтті Бағдат Мусин.

5 жыл ішінде мақсатты KPI – кем дегенде 3 жаңа стартапты дамыту, стартаптарға кемінде 300$ миллион тарту және осы стартаптар ұсынатын 1$ миллиардтан астам қызметті экспорттау.

«Al-Farabi Innovation Hub Орталық Азия мен Кавказдан келген стартаптарға ТШСА нарығына кеңею мүмкіндігін бере отырып, Қазақстанның венчурлық индустриясының инфрақұрылымын толықтырады, бұл 493 млн-ға жуық адам. Бізге көрсеткен қолдауымыз үшін Министр Бағдат Мусиннің атынан ЦДИАӨМ-не алғыс айтамыз. Сондай - ақ Астана хабына және, әрине, Сауд Арабиясының серіктестеріне алғыс айтамыз», -деді Al-Farabi Innovation Hub Бас директоры Аслан Сұлтанов.

Айта кеткен жөн, өткен жылы Калифорнияның Пало Альто қаласында Орталық Азия елдерінің өкілдері үшін Silkroad Innovation Lab ашылды. Хаб Орталық Еуразиядан келген стартаптар мен кәсіпкерлерді Силикон алқабында және американдық нарықта өз кәсіпорындарын құру немесе кеңейту жолдарын іздеуде қолдайды. Сондай-ақ Google, DraperUniversity, StartX, Microsoft және Дүниежүзілік банк сияқты жаһандық серіктестер тартылып, азаматтар үшін ең жақсы озық шешімдерге қол жеткізуді қамтамасыз етті.