Қазақстан мен Латвия азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан мен Латвия азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

Рига, 2024 жылғы 22 сәуір – Қазақстан Елшісі Дәурен Кәріпов Латвия Республикасының Көлік және байланыс институты (Transport and telecommunication institute, TSI) мен Қазақстан Республикасының Азаматтық авиация академиясы арасындағы Ынтымақтастық туралы келісім-шартқа қол қою рәсіміне қатысты.

Тараптар TSI басқарма төрайымы Ирина Яцкив пен Қазақстан Азаматтық авиация академиясының басқарма төрағасы Бекен Сейдахметов ҚР Азаматтық авиация академиясының базасында EASA part 147 ұйымын құру және сертификаттау жөніндегі құжаттаманы әзірлеу және консультация өткізу мақсатында келісім-шарта қол қойды.

*Анықтама: EASA Part 147 – бұл В1-техника-механика санаты бойынша және В2-техник-авионик санаты бойынша базалық даярлықты жүргізуге арналған Еуропалық авиациялық қауіпсіздік агенттігі сертификаттаған оқу орталығы.

Сонымен қатар қазақстандық делегация авиация және робототехника салаларындағы инженер-механиктер мен инженер-авиониктерді даярлайтын зертханамен және оқу кабинеттерімен танысты.