Қазақстан мен Латвия сауда байланыстарын нығайтуға қызығушылықтарын растады

Қазақстан мен Латвия сауда байланыстарын нығайтуға қызығушылықтарын растады

2024 жылғы 19 сәуірде Қазақстан Елшісі Дәурен Кәріпов Латвия сауда қауымдастығының президенті – ЕО сауда жөніндегі кеңесшісі Хенрикс Данусевичспен кездесті.

Сұхбат барысында тараптар Қазақстанның Еуропалық Одақпен қарым-қатынасының жай-күйі мен болашағын талқылап, Қазақстан мен Латвияның сауда байланыстарын кеңейтуге мүдделілігін растады.

Сондай-ақ Елші сұхбаттасушыны қазақстандық тауарлардың экспорттық әлеуеті мен Қазақстанның инвестициялық ахуалы туралы хабардар етті.