Қазақстан мен Латвияның архивтік мекемелері Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Қазақстан мен Латвияның архивтік мекемелері  Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

2024 жылғы 8 сәуірде Ригада Латвия Республикасының Ұлттық архиві мен Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві» РММ-нің арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Тараптар Қазақстан мен Латвия арасындағы архив саласындағы ынтымақтастықты дамытуға және нығайтуға, сондай-ақ өзара іс-қимылды жандандыруға және екі елдің архив мекемелерінің бағыты бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыруға уағдаласты. Осыған байланысты қазақстандық сарапшылар «Архив-2025» кешенді бағдарламасы аясында іс жүзіндегі ғылыми іздестіру-зерттеу жұмысын бастады.