Археология саласында ынтымақтастықты дамыту туралы

Археология саласында ынтымақтастықты дамыту туралы
Париж, 2024 жылғы 24 сәуір - Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын сақтау жұмысы аясында Қазақстан Елшісі Гүлсара Арыстанқұлова Францияның Ұлттық превентивтік археологиялық зерттеулер институтының (INRAP) өкілдерімен кездесу өткізді.
 
Келіссөздер барысында археология саласында ынтымақтастықты дамыту мәселелері, атап айтқанда, екіжақты превентивтік археологиялық және ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру мүмкіндіктері талқыланды.
Қазақстандық дипломат Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының қызметімен және оның бірлескен археология саласындағы перспективалы жобаларды іске асыру бойынша әлеуетімен таныстырды.
 
Өз кезегінде француз тарапы Қазақстанның археологиялық ұйымдарымен тығыз ынтымақтастық орнатуға мүдделілігін білдіріп, жақын арада екі елдің сарапшылары арасында нақты жобаларды айқындау үшін пікір алмасуды ұсынды.