Мұрағат саласындағы екіжақты ынтымақтастығы туралы

Мұрағат саласындағы екіжақты ынтымақтастығы туралы

Париж, 2024 жылғы 18 сәуір - Қазақстанның Франциядағы Елшілігінің қолдауымен Қазақстан Республикасы Президенті Мұрағатының директоры Әлия Мұстафинаның Франция Ұлттық мұрағатының директоры Брюно Рикармен кездесуі өтті.    

Сұхбат барысында тараптар мұрағат саласындағы екіжақты ынтымақтастығын одан әрі кеңейту және нығайту перспективаларын, анықталған және цифрланған құжаттарды ғылыми-зерттеу қызметінде одан әрі пайдалану мақсатында алмасу мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, сұхбаттастар өзара қызығушылық тудыратын бірлескен ғылыми-практикалық зерттеулер жүргізу мүмкіндігін қарастырды, сондай-ақ мұрағат ісінің негізгі бағыттары бойынша жұмыс тәжірибесімен алмасты.

Оған қоса, Қазақстан Елшісі Гүлсара Арыстанқұлова ҚР Президенті Мұрағатының директорымен кездесу өткізді. Францияда қазақстандықтардың әртүрлі тарихи кезеңдерде болуын құжаттамалық растауды жаңа іздеу бойынша француз тарапымен ынтымақтастықты дамыту қажеттігі атап өтілді.