Канаданың Парламенті Қазақстанмен ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге мүдделі

Канаданың Парламенті Қазақстанмен ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге мүдделі

Оттава қ., 2024 жылғы 18 сәуір – Канаданың Парламентінде Қазақстан мен Канада арасындағы Парламентаралық достық тобының жыл сайынғы отырысы өтті.

Іс-шара басында Канада парламентінің мүшелері еліміздің бірқатар өңірлерінде орын алған ірі су тасқынына байланысты Қазақстанға қолдауын білдіріп, табиғи апат пен оның зардаптарымен күресудегі Қазақстан билігінің іс-әрекетін жоғары бағалады.

Канадалық парламентшілер ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың ауқымды демократиялық реформалар жүргізу, оның ішінде адам құқықтарын қорғау және заң үстемдігінің қағидаттарын қамтамасыз ету саласындағы саясатын қолдады. Осы бағытта заң шығарушылар ү.ж. 15 сәуірде тұрмыстық зорлық-зомбылық саласындағы жазаларды қатайтуға бағытталған заңдар пакетін қабылданғанын құптады.

Отырыс барысында Қазақстан-Канада қарым-қатынастарын, сондай-ақ екі ел арасындағы парламенттік байланыстарды дамытуға ерекше назар аударылды. Канадалық парламентшілер екіжақты ынтымақтастықты, оның ішінде ауыл шаруашылығы, энергетика, көлік және логистика, цифрлық технологиялар мен білім беру салаларындағы жан-жақты ілгерілетуге көмек көрсетуге дайындығын білдірді.

Іс-шара нәтижесінде 2024 жылы ішінде канадалық парламенттік делегацияның Қазақстанға сапарын ұйымдастыру туралы келісімге қол жеткізілді.