Астанада Қазақстан-АҚШ Кеңейтілген стратегиялық серіктестік жөніндегі комиссияның бесінші мерейтойлық отырысы өтті

Астанада Қазақстан-АҚШ Кеңейтілген стратегиялық серіктестік жөніндегі комиссияның бесінші мерейтойлық отырысы өтті

Астана, 2023 жылғы 6 қараша – Қазақстан-АҚШ Кеңейтілген стратегиялық серіктестік жөніндегі комиссияның (КССК) бесінші мерейтойлық отырысы өтті. Қазақстан АҚШ-тың Орталық Азиядағы кеңейтілген стратегиялық серіктесі мәртебесі бар жалғыз ел.

Жыл сайынғы шолу іс-шарасы ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаров пен Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі Мемлекеттік хатшының көмекшісі Дональд Лудың төрағалығымен және екі елдің мемлекеттік органдары мен ведомстволары өкілдерінің қатысуымен өткізілді. Тараптар екіжақты және өңірлік ынтымақтастықтың ағымдағы мәселелері бойынша өткен жылғы нәтижелі жұмыстың қорытындыларын тамамдап, алдағы кезеңге деген жоспарларды айқындады.

Қ.Омаров өз сөзінде үстіміздегі жылы ҚР мен АҚШ арасындағы саяси және мәдени-гуманитарлық бағытта өткізілген сапарлар мен кездесулер тұрғысында өзара іс-қимылдың белсенділігін, сондай-ақ сауда және инвестициялар, энергетика, сирек кездесетін металдар және климаттың өзгеруі мәселелерін қоса алғанда, экономикалық бағыттағы ынтымақтастықтың қарқындылығын атап өтті. Сонымен қатар, Министрдің бірінші орынбасары Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп жатқан «Жаңа және Әділетті Қазақстанды» құруға бағытталған саяси реформалар мен демократиялық қайта құрулардың маңыздылығын атап өтті.

Өз кезегінде Д.Лу ҚР Үкіметінің әлеуметтік-экономикалық даму, өңірлік қауіпсіздік және адам құқықтары саласындағы шараларын, сондай-ақ соңғы жылдары екіжақты және көпжақты тректе, оның ішінде БҰҰ және С5+1 диалог алаңы шеңберінде екі ел арасындағы табысты ынтымақтастықты жоғары бағалады.

Анықтама: Кеңейтілген стратегиялық әріптестік жөніндегі Комиссия (КССК) 2018 жылдан бастап жұмыс істейді. Комиссия ҮАК мәртебесіне ие және үш комитеттен тұрады – саяси ынтымақтастық және қауіпсіздік, сауда-экономикалық ынтымақтастық, сондай-ақ гуманитарлық өлшем. КССК-нің соңғы отырысы 2022 жылдың 5 желтоқсанда Вашингтонда өтті.