Қазақстан мен Кирибати бастамасымен БҰҰ Бас Ассамблеясының Бірінші комитеті ядролық қаруды қолдану мен сынаудан зардап шеккен мемлекеттерде зардап шеккендерге көмек көрсету және қоршаған ортаны қалпына келтіру туралы резолюцияны қабылдады

2023 жылғы 30 қазан, Нью-Йорк қаласы, - Қазақстан мен Кирибати бастамасымен Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы Бірінші Комитетінің 78-сессиясы барысында «Ядролық қару мұрасын шешу: ядролық қарудың қолданудан немесе сынақтан зардап шеккен мемлекеттерге зардап шеккендерге көмек көрсету және қоршаған ортаны қалпына келтіру» атты резолюция қабылданды».

Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше мемлекеттердің басым бөлігі резолюцияны қолдайтынын білдірді.

Ядролық сынақтардың зардаптарынан зардап шеккен Қазақстан мен Кирибатидың бастамасы халықаралық ынтымақтастықты қамтамасыз ету және аумағында ядролық қару сынақтары жүргізілген мемлекеттерге келтірілген залалды жоюға жәрдемдесу үшін БҰҰ Бас Ассамблеясының резолюциясы түріндегі әмбебап халықаралық құқықтық базаны құруға бағытталған.

Сондай-ақ, резолюцияда радиациямен ластанған аумақтарды (жер және су беттері) қалпына келтіруге келтірілген залалдың көлемі мен қажеттілігін бағалау, практикалық және қаржылық көмек көрсету қарастырылған.