Қарағанды облысында қаза болған шахтерлер туралы

Қарағанды облысында қаза болған шахтерлер туралы

Қазақстан Республикасының Нью-Йорк қаласындағы Бас Консулдығы Қарағанды облысындағы шахтада орын алған өрт салдарынан адамдардың қаза болғаны туралы қайғылы хабарды терең күйзеліспен қабылдады.

Қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айта отырып, бұл орны толмас ауыр қайғыларына ортақтаспыз. Зардап шеккендерге тезірек сауығып кетуін тілейміз.

2023 жылғы 29 қазан Қарағанды облысындағы кеншілердің қаза болуына байланысты Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.