Қазақстан мен Оман өзара ынтымақтастықты жалғастыратын болады

Қазақстан мен Оман өзара ынтымақтастықты жалғастыратын болады

2024 жылғы 24 сәуірде Қазақстан Елшісі Н.Мұхаметәліұлы Сұлтандықтағы дипломатиялық миссияның аяқталуына орай Оман Премьер-Министрінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары Асад бен Тариқтың қабылдауында болды.

Тараптар өзара сыйластыққа негізделген екіжақты қатынастардың қазіргі дамуын қоштай отырып білдіре отырып, екі ел арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективаларын қарастырды, сондай-ақ тауар айналымы өсуінің оң серпінін атап өтті.

Қазақстан Елшісі Омандағы дипломатиялық миссиясы кезінде оған көрсетілген қолдау үшін алғысын білдірді.

Кездесу барысында өзара қызығушылық тудыратын басқа да екіжақты мәселелер бойынша пікір алмасу болды. Асад бен ТариқҚазақстан Орталық Азия аймағындағы Оманның сенімді серіктесі болып табылатынын атап өтті, сондай-ақ екі ел арасында мемлекетаралық өзара іс-қимылдың елеулі әлеуеті бар екенін растады.

Асад бен Тарик Елшінің өзара ынтымақтастықты дамытуға қосқан елеулі үлесін атап өтіп, оған алдағы дипломатиялық қызметінде табыс тіледі.