Масқат қаласының әкімімен кездесу өтті

Масқат қаласының әкімімен кездесу өтті

2024 жылғы 21 сәуірде Қазақстан Республикасының Омандағы Елшісі Н.Мұхаметәліұлы өзінің дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай Масқат қаласының әкімі Ахмед әл-Хумайдимен кездесті.

Кездесу барысында тараптар мәдени және гуманитарлық саладағы ынтымақтастық мәселелері бойынша пікір алмасып, екі астана арасындағы өзара іс-қимылдар перспективаларын талқылады.

Ахмед әл-Хумайди Елшіге Қазақстан мен Оман арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды нығайтуға және дамытуға үлес қосқаны үшін шынайы ризашылығын білдірді.