Экономикалық байланыстарды тереңдету

Экономикалық байланыстарды тереңдету

Минск, 2024 жылғы 26 наурыз - Қазақстанның Беларусьтегі Елшісі Ерлан Байжанов «Амкодор» холдингінің басшысы Александр Шакутинмен кездесті. Кездесуде екі елдің машина жасау саласындағы ынтымақтастығы, оның ішінде бірлескен жобаларды іске асыру перспективалары талқыланды.

Бұл компаниялар тобы құрылыс, орман шаруашылығы, коммуналдық және ауылшаруашылық жабдықтарын өндіруге маманданған. Бүгінгі таңда холдинг құрамына 30 заңды тұлға, 23 700 тауарлық өнім түрін шығаратын 22 зауыт кіреді.

«Амкодор» басшылығы өткен және ағымдағы жобалар, компанияның жаңа әзірлемелері және алдағы жылдарға арналған даму стратегиясы туралы толық ақпарат береді. Осыған байланысты холдинг Қазақстанмен жемісті өзара іс-қимыл орнатуға ниетті.

Холдинг Қазақстанда өндірістік зауыт құру мәселесін зерттеп жатқанын, осыған байланысты Қазақстанда «Амкодор» өңірлік директорын тағайындау туралы шешім қабылдағанын атап өтті А.Шакутин.

- Зауыттың салынуы Қазақстан мен Беларусь арасындағы экономикалық қарым-қатынасты дамытуға елеулі үлес қосады», - деді ол.

Қазақстанның Елшісі еліміздің жетекші беларусь компанияларымен өнеркәсіптік кооперацияны дамытуға деген қызығушылығын атап өтіп, жобаны жүзеге асыруға және серіктестікті кеңейту бойынша нақты ұсыныстар әзірлеуге көмектесуге дайын екенін білдірді.

Анықтама: «АМКОДОР» компаниясы - көпсалалы холдинг. Ол экономиканың барлық салаларына арналған заманауи жоғары өнімді арнайы жабдықтардың кең ауқымын шығаратын жетекші өндіруші болып табылады.

Компания 2023 жылы арнайы және ауылшаруашылық машиналарының 11 жаңа үлгісін жасады. Кәсіпорын «Беларусь Республикасының үздік өнімдері», «Импортты алмастыру» және «Ресейдегі құрылыс жабдықтарындағы инновациялар» және т.б. халықаралық байқауларда жеңімпаз атанды.

Холдинг Беларусьте ғана емес, Ресей Федерациясында да белсенді жұмыс істейді. 2023 жылы Башқұртстан астанасында компания астық кептіретін құрал-жабдықтар шығаратын ірі «Амкодор-Агидель» зауытын ашып, «Амкодор-Алға» арнайы және жер қазатын машиналарын шығаратын зауыттың құрылысын бастады.