Ізгі дәстүрді жалғастыру

Ізгі дәстүрді жалғастыру

2024 жылғы 20 наурызда Қазақстанның Мексикадағы Елшілігі Қазақ ұлттық киімдері күніне және Наурыз мейрамына орай Мексиканың Әлемдік мәдениеттер ұлттық мұражайына қазақтың ұлттық костюмдерді сыйлады.

Алғаш рет қазақтың ұлттық киімдері мұражайға 2022 жылы табыс етілді. Бүгін коллекция Қазақстанның тағы бірнеше мәдени мұрасымен толықтырылды.

Іс-шараға Мексика Сыртқы істер министрлігінің және Мехико қаласы мэриясының өкілдері шақырылды.

Қазақстандық дипломаттар табиғат жаңаруы, жаңа жыл мен жаңа өмірдің басталуы, достық пен өзара түсіністікті бейнелейтін Наурыз мейрамының маңыздылығы туралы әңгімелеп берді. Бұл жарқын көктем мерекесі Қазақстанда ең қастерлі және кеңінен атап өтілетін мерекелердің бірі болып табылады. Наурыз мейрамын қарсы алу дәстүрінің тамыры алыс болашақтан бастау алады. Осы мереке күндері сәнді киімдер кию, бай дастархан әзірлеу, қонаққа бару, бір-бірін жылы сөздермен және тілектермен қарсы алу әдетке айналған.

Әлемдік мәдениеттер ұлттық мұражайының директоры Алехандра Гомес Колорадо Елшілікке көрсеткен қолдауы үшін алғысын білдіріп, мұражай мен Елшілік арасында тығыз және достық байланыстар орнағандығын атап өтті. А.Гомес Колорадо мұражайында еліміздің өнер туындыларының жеке экспозициясын ұйымдастыру мен өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыруды құптады.

 

Анықтама: Әлемдік мәдениеттердің ұлттық мұражайы 150 жылдан астам тарихы бар ең көне мексикалық мұражайлардың бірі. Жыл сайын мұражайға 500 мыңнан астам адам келеді. Мұражай Мексика астанасының мәдени және білім беру орталығы болып табылады.