Испаниямен мәдени алмасу мүмкіндіктері талқыланды

Испаниямен мәдени алмасу мүмкіндіктері талқыланды

Мадрид қ., 2024 жылғы 18 сәуір – Қазақстан Елшісі Данат Мұсаев Испания Ұлттық антропология мұражайының директоры Фернандо Саеспен кездесу өткізді.

Кездесуде қазақ мәдениетінің және жалпы түркі өркениет мұрасының Испанияда паш ету мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, петроглифтер, тайпалық таңбалар мен көне түркі жазуларының көрмесін ұйымдастыру мүмкіндігі қарастырылды.

Тараптар бірлескен жобаларды іске асыру мақсатында ынтымақтастықты жалғастыруға уағдаласты.