Лингвистика қазақ-испан ынтымақтастығының күн тәртібінде

Лингвистика қазақ-испан ынтымақтастығының күн тәртібінде

Мадрид қ., 2024 жылғы 16 сәуір – Қазақстан Елшісі Данат Мұсаев Испания СІМ Әлемде испан тілін ілгерілету жөніндегі Бас директоры Гильермо Эскрибаномен кездесу өткізді.

Келіссөздердің тақырыбы лингвистика саласындағы перспективалы жобалар болды. Атап айтқанда, Сервантес институтының Қазақстандағы өкілдігін ашу және бірлескен кітаптар шығару мүмкіндіктері талқыланды.

Қазақ дипломаты Қазақстанда шетелдік институттар филиалдарының ашылуы, сондай-ақ әлемдік жетекші ғылыми жұмыстар мен шығармаларды қазақ тіліне аудару жобасы туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Өз кезегінде Бас директор испан тілін ілгерілету үшін елеулі әлеуеттің бар екендігін атап өтті. Г.Эскрибано өзара тиімді жобаларды, соның ішінде алғашқы қазақ-испан сөздігін шығаруда бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жоғарыда аталған мәселелер бойынша өзара іс-қимылды жалғастыру туралы келісті.