Жоғары білім и ғылым саласындағы жаңа көкжиектері Мадридте талқыланды

Жоғары білім и ғылым саласындағы жаңа көкжиектері Мадридте талқыланды

Мадрид қ., 2024 жылғы 15 сәуір – Қазақстан Елшісі Данат Мұсаев Испания университеттері жөніндегі Бас хатшы Хосе Мануэль Пингарронмен келіссөздер жүргізді. Кездесу ү.ж. 17-19 сәуірде өтетін испандық жоғары оқу орындарының Қазақстанға сапары қарсаңында орын алды.

Тараптар екі ел арасындағы жоғары білім саласындағы өзара іс-қимылды тереңдету үшін алдағы іс-шараның маңыздылығын атап өтті. Атап айтқанда, екі мемлекеттің ғылыми орталықтары арасындағы ынтымақтастықты қоса алғанда, ведомствоаралық және университетаралық келісімдерге қол қою мүмкіндіктері талқыланды. Келіссөздер барысында перспективалы бағыттарда қос диплом бағдарламаларын құру мәселелері де қаралды.

Сонымен қатар, Елші жаңа оқу орындарын құру және басым білім беру-ғылыми мекемелерін нығайту, сондай-ақ Қазақстанда шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Өз кезегінде Бас хатшы осы бағыттағы екіжақты ынтымақтастықты арттыру үшін елеулі әлеуеттің бар екендігін баса айтты. Ол өзара тиімді жобаларды іске асыру, соның ішінде бірлескен ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру бойынша бірлескен жұмысқа дайындығын білдірді.

Кездесу соңында тараптар аталған сапардың қорытындысы бойынша өзара іс-қимылды жалғастыруға келісті.