Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың саяси, экономикалық және әлеуметтік реформаларға қатысты бағдарламалары Кувейт Мемлекетінің БАҚ өкілдерінің үлкен қызығушылығын тудырды

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың саяси, экономикалық және әлеуметтік реформаларға қатысты бағдарламалары Кувейт Мемлекетінің БАҚ өкілдерінің үлкен қызығушылығын тудырды

Әл-Кувейт қ., 2023 жылғы 7 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі Елшілігі Кувейттің беделді БАҚ өкілдеріне арналған «Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың саяси, экономикалық және әлеуметтік реформаларына қатысты бағдарламалары» тақырыбында брифинг өткізді.

Қазақстанның Кувейттегі Елшісі А.Бердібай өз баяндамасында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың саяси, экономикалық және әлеуметтік реформаларға қатысты бағдарламаларының негізгі мақсаты әділ және әділ ережелерін қалыптастыруға, өмірдің барлық салаларында фаворитизм мен монополияларды жоюға бағытталғанын атап өтті.

Бұл ретте, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Президенттік уәкілдігін қабылдаған сәттен бастап еліміздің саяси бағытының келешегінің түйінді бағыттарын белгілегені ерекше аталып өтті. Оның ішінде 1) Еліміз өз егемендігін алған күнінен бастап Қазақстанның дамуының оң жетістіктерін сақтауды көздейтін сабақтастық; 2) Қазақстанның әрбір азаматының, олардың әлеуметтік, этникалық, діни және өзге де мәртебелеріне қарамастан, құқықтарының теңдігін қамтамасыз ету және олардың әрқайсысының жеке табысқа жетуіне, әл-ауқатын арттыру үшін мүмкіндіктер жасаудағы әділдікті қамтамасыз ету; 3) қоғам өмірінің барлық салаларында жаңару қабілетіне, адамдардың игілігі үшін жасампаз өзгерістерді жүзеге асыруға және Қазақстанның әлемнің озық елдерінің қатарына кіруге ұмтылуға негізделген даму.

Сонымен қатар, алдағы реформалар шеңберінде ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың жүйелі басшылығының арқасында мемлекет пен қоғамның барлық салаларын қайта жандандыру, сондай – ақ «Күшті Президент – ықпалды Парламент - есеп беретін Үкімет» негізгі формуласына сәйкес, саяси жаңғыртуды жүзеге асыру және осы бағыттағы реформалар жалғасатынына қатысушылардың назарлары аударылды.

Сондай-ақ, брифингке қатысушылардың назарына «Жаңа Қазақстан» - әділдік, адалдық және адал еңбек қағидаттарына негізделген мықты азаматтық қоғамы бар тиімді мемлекет екендігі жеткізілді. Мемлекеттік құрылымның жаңа парадигмасын қалыптастыруға бағытталған конституциялық реформа - бұл заңнамалық рәсімдеу.

А.Бердібай Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының оң үрдістері туралы хабардар ете отырып, барлық бағыттар бойынша еліміз екіжақты ынтымақтастығы тректегі серпінді дамуын атап өтті.

Сонымен қатар, іс-шараға қатысушылар 2023 ж. 1 қыркүйектегі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі аспектілері туралы хабардар етілді.

Бұл орайда, брифингке қатысушылардың назарларына Мемлекет басшысының елдің саяси жүйесін кешенді жаңғырту туралы бағдарламасы көптеген жылдар бойы жетілген түбегейлі өзгерістерге арналған қоғамдық сұранысқа негізделгені жеткізілді.

Бұл тұрғыда ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы елімізде 2022 жылы басталған ауқымды саяси өзгерістердің көрінісі болып табылатыны ерекше атап өтілді.

Яғни, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында саяси реформалар мен терең әлеуметтік-экономикалық қайта құрулардың үйлесімділігі ғана Қазақстанды шынайы дамуға жетелейтініне назар аударылды.

Әлемдегі ағымдағы геосаяси ахуалының ушығып тұрғаны, оның кері әсерінің халықаралық жағдайдың күрделенуіне алып келуде екендігіне қарамастан, 2022 жылы Қазақстан экономикасы едәуір өсім көрсеткені іс-шараға қатысушылардың назарларына жеткізілді, оның ішінде: ЖІӨ көлемінің - 220 млрд. АҚШ долл. құрағаны, өткен жылы елімізге тартылған тікелей шетелдік инвестициялар рекордтық деңгейді көрсетуі - 28 млрд. АҚШ долл. жетуі, ал сыртқы сауда айналымы 136 млрд. АҚШ долл. құрауын қоса алғанда.

Сонымен қатар, Азамат Бердібай Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің болашақ экономикалық реформаларының негізгі бағыттары белгіленіп отырғандылығын атап өтті. Оның ішінде, Қазақстанда өңдеу секторын дамытуға баса назар аудару мәселелері, берік өнеркәсіптік база құруға бағытталған қажетті шаралардың қамтылуы. Сондай-ақ, металдарды терең өңдеу, ауыр машина жасау, уранды байыту және т.б. салаларда кластерлер құру жоспарлануда екендігін атап өтті.

Бұған қоса, іс-шараға қатысушылар Қазақстан-Кувейт қатынастарының ағымдағы жағдайының маңызды оқиғалары туралы, сондай-ақ саяси, сауда-экономикалық және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың перспективалары жөнінде де егжей-тегжейлі хабардар етілді.

Брифинг аясында Тәуелсіздік алған күннен бастап Қазақстанның жетістіктеріне арналған бейне сюжеттер көрсетіліп, Қазақстан туралы сурет көрмесі ұйымдастырылды.

Жалпы, іс-шараға болу еліндегі бірқатар шетел мемлекеттерінің Елшілері, Кувейттің «AN-NAHAR», «AL-SEYASSAH», «AL-QABAS», «AL-ANBA», «AL-JARIDA», «TIMES KUWAIT", «AL-RAY» атты жетекші басылымдарының редакторлары мен тілшілері қатысты.

 

Қазақстан Республикасының

Кувейт Мемлекетіндегі Елшілігі