Республика күніне орай баспасөз хабарламасы

Республика күніне орай баспасөз хабарламасы

2023 ж. 25 қазанда Әл-Кувейт қ. «Кроун Плаза» қонақ үйінде Республика күніне орай салтанатты қабылдау кеші өтті.

Шараның құрметті қонағы ретінде Кувейт Мемлекеті (КМ) Сыртқы істер министрінің Азия елдері бойынша көмекшісі (Министрдің орынбасары) Елші Самих Исса Жауһар Хаят қатысты.

Салтанатты қабылдау кешіне Кувейттің мемлекеттік мекемелері мен министрліктердің, Сыртқы істер министрлігінің өкілдері, көрнекті қоғам қайраткерлері, шетелдік дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдардың басшылары, іскерлік топтар, сондай-ақ болу елінің жетекші БАҚ-ы қатысты.

Кештің құрметті қонағы Қазақстан халқын ұлттық мереке - Республика күнімен құттықтап, Мемлекет басшымыз Қ.К.Тоқаевтың көреген саясатын, сондай-ақ Еліміздің халықаралық аренадағы беделінің артуын ерекше атап өтті.

Өз кезегінде Қазақстанның Кувейттегі Елшісі А.Бердібай алғы сөзінде ресми қабылдау кешінің құрметті қонақтарын Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың саяси, экономикалық және әлеуметтік реформалар бағдарламалары туралы егжей-тегжейлі хабардар етті.

Бұл орайда, Елші А.Бердібай Президентіміз Қ.К.Тоқаевтың саяси, экономикалық және әлеуметтік реформаларға қатысты бағдарламаларының негізгі мақсаты адал және әділетті ережелерді қалыптастыруға, өмірдің барлық салаларында фаворитизм мен монополияларды жоюға бағытталғанын атап өтті.

Алдағы реформалар шеңберінде Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың жүйелі басшылығының арқасында мемлекет пен қоғамның барлық салаларын қайта жандандыру, сондай – ақ «Күшті Президент – ықпалды Парламент - есеп беретін Үкімет» негізгі формуласына сәйкес, саяси жаңғыртуды жүзеге асыру және осы бағыттағы реформалар жалғасатынына назар аударылды.

Сонымен қатар, салтанатты кештің құрметті қонақтарының назарларына «Жаңа Қазақстан» - әділдік, адалдық және адал еңбек қағидаттарына негізделген мықты азаматтық қоғамы бар тиімді мемлекет екендігі жеткізілді.

Қазақстандық дипломат Қазақстан өзінің егеменді дамуының 32 жыл ішінде ел экономикасында ауқымды жетістіктерге қол жеткізгенін, тәуелсіз ұлттық мемлекеттіліктің өзіндік бірегей моделін құра алғанын, сондай-ақ тиісті жаңғыртулар мен саяси реформалар жүргізілгенін ерекше атап өтті.

Іс-шараға қатысушылар Қазақстан-Кувейт қатынастарының ағымдағы жағдайының маңызды оқиғалары туралы, сондай-ақ елдеріміз географиялық қашықтыққа қарамастан саяси, сауда-экономикалық және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтығымыз елеулі әлеуетіне ие екендігі жөнінде де егжей-тегжейлі хабардар етілді.

Бұл орайда, Қазақстан Республикасының сыртқы саяси бастамаларына көрсетіліп келе жатқан қолдаулар үшін Кувейт Мемлекетінің Үкіметіне шынайы алғыс білдірілді.

Жалпы, салтанатты ресми қабылдау кеші барысында құрметті қонақтарына Қазақстан туралы кітаптар, Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың халықаралық бастамалары туралы кітапшалар, сондай-ақ, «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауы және т.б. үлестіріп берілді. Сонымен бірге, Республика күніне арналған, сондай-ақ Қазақстан Республикасы туралы бейне көрсетілім ұсынылып, еліміздің егемендігі жылдарындағы дамуы мен жетістіктері туралы фотокөрмесі ұйымдастырылды.

Жалпы, салтанатты ресми қабылдау кеші жылы әрі қонақжайлы атмосферада өтті.

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

КУВЕЙТ МЕМЛЕКЕТІНДЕГІ ЕЛШІЛІГІ