Қазақстан мен Малайзияның цифрлық технологиялар және коммуникациялар саласындағы ынтымақтастығы

Қазақстан мен Малайзияның цифрлық технологиялар және коммуникациялар саласындағы ынтымақтастығы

ҚР Елшісі Болат Сүгірбаев пен Малайзияның коммуникациялар және мультимедия жөніндегі комиссиясының төрағасы Мохамад Сәлім Бин Фатех Дин Сайберджайдағы (Cyberjaya) кездесу барысында коммуникациялар және цифрлық технологиялар саласындағы ынтымақтастықтың перспективаларын, сондай-ақ осы саладағы өзекті сын-қатерлерді талқылады.

Тараптар балалар мен отбасылардың құқықтары саласындағы заңнамалық реттеу, 5G инфрақұрылымын дамыту, Қазақстанның цифрландыру және электрондық үкіметті дамыту саласындағы табысты тәжірибесі мәселелерін талқылады.

Комиссия төрағасы цифрлық технологиялардың өсіп келе жатқан рөлін ескере отырып, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту контекстінде ынтымақтастықты жолға қоюды ұсынды.